Кеше Алла өзі сәтін салып, Алматыдағы 8+1 блогшы бас қостық. «Maxima» демалыс орталығында өткен кездесуге келгендердің ішінде Өрімтал, Балғырған, Қалдықыз, Мақпал, Мейіржан, Ұшқын, Асқарбек және мен болдым.

Негізі, бұл кездесудің басты инициаторларының бірі Қисық болған екен, ол өзі осы басқосуға келуге ерекше ықылас танытып, фотоаппарат әкелемін деп уәде де берген екен блогшы достарына. 🙂 Блогшылар бұл жазбаны «Қисық лақтырған күн» деп атауға кеңес берді. Бірақ, мен кішкентайына құтты болсын айтып келген қонақтардан шыға алмай қалған Қисекеңді бізді «лақтырды» деуге қимадым. 🙂

Бұл кеш бәріне ұнады ғой деймін. Өзім Балғырған, Қалдықыз сынды тамаша қыздармен танысқаныма қатты қуандым (қалған блогшыларды бұрыннан танимын). 🙂

Төмендегі суретте солдан оңға қарай: Мақпал, блог бастауға ниеттеніп жүрген Перизат, (Ұшқынның құрбысы), Ұшқын, Розатай, Мейіржан, Балғырған, Өрімтал, Қалдықыз, Асқарбек.

пы.сы. Барлық блогшыларға алғыс айтамын! Осындай көңілді кештің ұйымдастырылуына ұйытқы болғандарыңыз үшін Алла разы болсын! Ерекше басқосулар көп болсын деген тілекпен:

Rozatai