Ресейлік рэп-әнші Тиматидің репертуарындағы әйгілі «Лада Седан» әнін домбыра әуеніне салып орындап жүрген «Made in kz» жобасының авторы,  диджейдомбырашы  Бауыржан Итикеев «El.kz» сайтына  топтың шығармашылығы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. 

 – Бауыржан, соңғы кездері әлеуметтік желі қолданушыларының арасында топтарыңыздың орындауындағы әндер кең таралып үлгерді. Көпшілік сіздер туралы білгісі келеді. Алдымен, «Made in kz» жобасының қалай дүниеге келгенін айтып берсеңіз.

– Тобымыз өткен жылдың тамыз айында құрылды. Өзім диджей бола жүріп, домбырашыларға заманауи әуендерді тартқызғанды ұнататынмын. Бір күні «неге осы домбыраны өзіме үйреніп алмасқа?» деген ой келді. More