ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізімінде тұр

Біз оқыған Торунь қаласы – Польшаның солтүстік бөлігінде, Варшавадан 200 шақырым қашықтықта орналасқан шағын қала. Сондай-ақ, Торунь  ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген 13 тарихи орынның бірі болып саналады. Бұл қала жалпақ жұртқа өзінің жүздеген жылдар бойы сақталып келген готикалық шіркеулері және әсем үйлерімен әйгілі. Шағын шаһарда ортаға­сырлық ескерткіштер мен ХХ ғасырдың 200-ге жуық ғимараты жақсы сақталған. Екінші дүние­жүзілік соғыс кезінде Польшаның бүлінбей, қиратылмай, бүтін сақталып қалған қаласы – осы Торунь. Мұнда ХІІІ-ХІV ғасырларда ондаған жыл­дар бойы салынған шіркеулер өте көп.  Әулие Мария, әулие Иаковтың шіркеуі және тағы басқа костелдердің басым бөлігі кәнігі қызыл кірпіштен қаланған. Қалада костелдің көптігі сондай, олардың  қоңырауынан құлақ тұнады. Тұрғын­дар­дың көпшілігі католик дінін ұстанады. Көше­лердегі ғимараттардың біразы қайта өрлеу дәуіріне тиесілі, енді бірі готика, неоготика стилінде салын­ған.

521Айтпақшы, бұл ақпараттың барлығы маған қайдан келді? More