Гүлжан Молдажанова. Бұл есімді қазақстандықтардың көпшілігі біле бермейді. Тіпті, өзі 26 жылдан бері тұрып келе жатқан Ресейдің өзінде ол журналистерге сирек сұхбат береді. Мірдің оғындай жауаптары тілшілердің өзін жаңылдырады. Журналистің сұрағына сұрақпен жауап қайыратыны да бар. Мінезді, талапшыл басшы екені оның әр сөзінен көрініп тұрады. Туған жерінде Гүлжанның есімі еміс-еміс естілсе де, әлемнің бизнес элитасы оны жақсы таниды. 
More